Dinara Bolat

Dinara Bolat

@ dinarabolat

1831 posts6704 followers358 following

dinarabolat photos downloadҚАНША КЕТТІ? Көпті қызықтырған сұрақ осы болды. Ал калькуляторыңызды дайындаңыз. Жыл жарым бойы Норвегияға жетудің мүмкін варианттарын іздедім. Мүмкін нұсқалары пайда болғаннан соң жарты жыл бойы арзан жолын іздедім. Таптым! Келесі жазбамда кімдермен барғанымды жаза жатармын.Бұдан арзаны жоқ. Маған сеніңіз) Автосаяхат болған соң Ослоға авиабилет алмайсыз. Бутерброд, отқа піскен тамақтан шаршасаңыз да кемінде он күннің тамаққа шығынын үнемдейсіз. Палаткаға қонып, жаурап, тоңсаңыз да 300 000 теңгедей қаражатыңыз қалтаңызда қалады. Сонымен, уәде еткенімдей Скандинавияға саяхат шығыны: ♦430 000 теңге - автосаяхатқа жолдама;♦50 000 теңге - виза;♦20 000 теңге - Орал-Самара-Орал бағытындағы такси;♦45 000 теңге - Самара- Москва-Самара бағытындағы авиабилет;♦35 000 теңге - треккингтік кроссовка;♦30 000 теңге - треккингке арналған киім;♦180 000 теңге - қалтадағы ақша: тіске басар, паромдағы, ірі қалалардағы түскі астар, аз-маз базарлық. ♦Нәтижесінде 790 000 теңге жұмсалған. Біреуге көп, біреуге түк те емес. Біреуге бұл отандық дизайнерлерден сатып алынған 2 көйлектің ақшасы. Ал біреулерге 7-8 айдың ипотекасының төлемі. Өздеріңіз топшылай беріңіздер))

ҚАНША КЕТТІ? Көпті қызықтырған сұрақ осы болды. Ал калькуляторыңызды дайындаңыз. Жыл жарым бойы Норвегияға жетудің мүмкін варианттарын іздедім. Мүмкін нұсқалары пайда болғаннан соң жарты жыл бойы арзан жолын іздедім. Таптым! Келесі жазбамда кімдермен барғанымды жаза жатармын.Бұдан арзаны жоқ. Маған сеніңіз) Автосаяхат болған соң Ослоға авиабилет алмайсыз. Бутерброд, отқа піскен тамақтан шаршасаңыз да кемінде он күннің тамаққа шығынын үнемдейсіз. Палаткаға қонып, жаурап, тоңсаңыз да 300 000 теңгедей қаражатыңыз қалтаңызда қалады. Сонымен, уәде еткенімдей Скандинавияға саяхат шығыны: ♦430 000 теңге - автосаяхатқа жолдама;♦50 000 теңге - виза;♦20 000 теңге - Орал-Самара-Орал бағытындағы такси;♦45 000 теңге - Самара- Москва-Самара бағытындағы авиабилет;♦35 000 теңге - треккингтік кроссовка;♦30 000 теңге - треккингке арналған киім;♦180 000 теңге - қалтадағы ақша: тіске басар, паромдағы, ірі қалалардағы түскі астар, аз-маз базарлық. ♦Нәтижесінде 790 000 теңге жұмсалған. Біреуге көп, біреуге түк те емес. Біреуге бұл отандық дизайнерлерден сатып алынған 2 көйлектің ақшасы. Ал біреулерге 7-8 айдың ипотекасының төлемі. Өздеріңіз топшылай беріңіздер))

dinarabolat photos downloadВсе важные фразы должны быть тихими,Все фото с родными всегда нерезкие.Самые странные люди всегда великие,А причины для счастья всегда невеские.Самое честное слышишь на кухне ночью,Ведь если о чувствах - не по телефону,А если уж плакать, так выть по-волчьи,Чтоб тоскливым эхом на полрайона.Любимые песни - все хриплым голосом,Все стихи любимые - неизвестные.Все наглые люди всегда ничтожества,А все близкие люди всегда не местные.Все важные встречи всегда случайные.Самые верные подданные - предатели,Цирковые клоуны - все печальные,А упрямые скептики - все мечтатели.Если дом уютный - не замок точно,А квартирка старенькая в Одессе.Если с кем связаться - навеки, прочно.Пусть сейчас не так всё, но ты надейся.Да, сейчас иначе, но верь: мы сбудемся,Если уж менять, так всю жизнь по-новому.То, что самое важное, не забудется,Гениальные мысли всегда бредовые.Кто ненужных вычеркнул, те свободные,Нужно отпускать, с кем вы слишком разные.Ведь, если настроение не новогоднее,Значит точно не с теми празднуешь.© O.M.

Все важные фразы должны быть тихими,Все фото с родными всегда нерезкие.Самые странные люди всегда великие,А причины для счастья всегда невеские.Самое честное слышишь на кухне ночью,Ведь если о чувствах - не по телефону,А если уж плакать, так выть по-волчьи,Чтоб тоскливым эхом на полрайона.Любимые песни - все хриплым голосом,Все стихи любимые - неизвестные.Все наглые люди всегда ничтожества,А все близкие люди всегда не местные.Все важные встречи всегда случайные.Самые верные подданные - предатели,Цирковые клоуны - все печальные,А упрямые скептики - все мечтатели.Если дом уютный - не замок точно,А квартирка старенькая в Одессе.Если с кем связаться - навеки, прочно.Пусть сейчас не так всё, но ты надейся.Да, сейчас иначе, но верь: мы сбудемся,Если уж менять, так всю жизнь по-новому.То, что самое важное, не забудется,Гениальные мысли всегда бредовые.Кто ненужных вычеркнул, те свободные,Нужно отпускать, с кем вы слишком разные.Ведь, если настроение не новогоднее,Значит точно не с теми празднуешь.© O.M.

dinarabolat photos downloadСағат түнгі үш жарымның шамасы. Шереметьево әуежайында Москва-Самара бағытында ұшаққа отырғызуды күтіп отырмын. Әлеуметтік желілерді қопарып отырғанда біреу фейсбукта тырс еткізіп лайк басты. Қарасам, Үндістандағы сіңлім екен. Түн жарымында не істеп отыр екен деп мэссенджерге хабарлама жаздым. Хабарламаны көре сала ол да бірден маған қоңырау шалды. Кераладан Мумбайға ұшуға дайындалып ұйықтамай отыр екен. Бар туған-туыстарымыз ұйықтап жатқанда екеуміз бір құрлықтың екі шетінде отырып арқа жарқа боп сөйлесіп алдық. Бір-бірімізді сағынып қалыппыз. Бірге өскен бауыр, құрбы деген сол. Мені қуантқан, ішімді жылытқан жағдай болды бұл. Ризамын! Жылулық✨құндылық✨шынайы қатынас✨үзілмейтін байланыс.

Сағат түнгі үш жарымның шамасы. Шереметьево әуежайында Москва-Самара бағытында ұшаққа отырғызуды күтіп отырмын. Әлеуметтік желілерді қопарып отырғанда біреу фейсбукта тырс еткізіп лайк басты. Қарасам, Үндістандағы сіңлім екен. Түн жарымында не істеп отыр екен деп мэссенджерге хабарлама жаздым. Хабарламаны көре сала ол да бірден маған қоңырау шалды. Кераладан Мумбайға ұшуға дайындалып ұйықтамай отыр екен. Бар туған-туыстарымыз ұйықтап жатқанда екеуміз бір құрлықтың екі шетінде отырып арқа жарқа боп сөйлесіп алдық. Бір-бірімізді сағынып қалыппыз. Бірге өскен бауыр, құрбы деген сол. Мені қуантқан, ішімді жылытқан жағдай болды бұл. Ризамын! Жылулық✨құндылық✨шынайы қатынас✨үзілмейтін байланыс.

dinarabolat photos download"Я душу дьяволу продам за вид такой" 🎼 деп еш кедергілерге қарамастан осы жерге ұмтылдым. Себебі, екі жыл бұрын фотодан осы көріністі көріп, қалайда Норвегияға баруды мақсат тұтқан едім. Фотодан көргеніңді өз көзіңмен көргенге не жетсін! Шүкір! Бүгін дүниежүзілік фото күні екен. Қабыл алыңыздар! Суретте ЮНЕСКО тізіміне еңген ең әдемі фьорд Гейрангер.👏👏👏 #yourownadventure

"Я душу дьяволу продам за вид такой" 🎼 деп еш кедергілерге қарамастан осы жерге ұмтылдым. Себебі, екі жыл бұрын фотодан осы көріністі көріп, қалайда Норвегияға баруды мақсат тұтқан едім. Фотодан көргеніңді өз көзіңмен көргенге не жетсін! Шүкір! Бүгін дүниежүзілік фото күні екен. Қабыл алыңыздар! Суретте ЮНЕСКО тізіміне еңген ең әдемі фьорд Гейрангер.👏👏👏 #yourownadventure

dinarabolat photos downloadОн бесінші күн. Атышулы Юрмаладан шықтық. Маған да ұнамайтын нәрсе болады екен-ау. Еш ұнамады. Ол жерде бір сурет те түсірмедім. Жағасынан да, суынан да іздесем де тамсанатындай ешнәрсе таба алмадым. Тек жағажайда өтіп жатқан Волейбол бойынша Еуропа чемпионатының көңіл-күйі ғана көңілге қонымды болды. Қазір Латвия мен Ресейдің шекарасына жақын қалдық. Еуропалық өркениеттен алыс кеткендігіміз Риганың жанында орналасқан кемпингтің дәретханасынан қағаз таба алмағанда ғана түсіндік. Соңғы рет палатка құрылып, ол бүгін соңғы рет жиналды. Бүгін соңғы рет далада тамақ пісіріліп, салқын суға ыдыстар жуылды. Бұйырса, 700 км жолды өтіп, кеште аман-есен Мәскеуге жету қалды.

Он бесінші күн. Атышулы Юрмаладан шықтық. Маған да ұнамайтын нәрсе болады екен-ау. Еш ұнамады. Ол жерде бір сурет те түсірмедім. Жағасынан да, суынан да іздесем де тамсанатындай ешнәрсе таба алмадым. Тек жағажайда өтіп жатқан Волейбол бойынша Еуропа чемпионатының көңіл-күйі ғана көңілге қонымды болды. Қазір Латвия мен Ресейдің шекарасына жақын қалдық. Еуропалық өркениеттен алыс кеткендігіміз Риганың жанында орналасқан кемпингтің дәретханасынан қағаз таба алмағанда ғана түсіндік. Соңғы рет палатка құрылып, ол бүгін соңғы рет жиналды. Бүгін соңғы рет далада тамақ пісіріліп, салқын суға ыдыстар жуылды. Бұйырса, 700 км жолды өтіп, кеште аман-есен Мәскеуге жету қалды.

dinarabolat photos downloadСаналы ғұмырымнан бүгінге дейін сезінген ең әдемі сезімдерім үшін, түйсінген ең дұрыс ойларым үшін, көзім көріп жаныма рахат сыйлаған сұлулықтар үшін Жаратушыма ризамын! Дегенмен, өсу, дамуға келгенде "Болдым. Толдым" деуге болмайды. Өмірдің бар жақсысына жақын болғым келеді. Әлі де тереңірек білгім келеді. Көп кереметті көріп, тамсанумен, сүйсінумен өткім келеді.Бұйыртсын! Ал әзірге ризамын!✨✨✨

Саналы ғұмырымнан бүгінге дейін сезінген ең әдемі сезімдерім үшін, түйсінген ең дұрыс ойларым үшін, көзім көріп жаныма рахат сыйлаған сұлулықтар үшін Жаратушыма ризамын! Дегенмен, өсу, дамуға келгенде "Болдым. Толдым" деуге болмайды. Өмірдің бар жақсысына жақын болғым келеді. Әлі де тереңірек білгім келеді. Көп кереметті көріп, тамсанумен, сүйсінумен өткім келеді.Бұйыртсын! Ал әзірге ризамын!✨✨✨

dinarabolat photos downloadНегізі Прибалтиканың үш мемлекетін қызыммен күзгі каникулда келіп көреміз деген жоспар болған. Адамның емес Алланың дегені болады деген осы. Латвияны жазда көріп, күзге жоспар басқа болып жатыр. 😉

Негізі Прибалтиканың үш мемлекетін қызыммен күзгі каникулда келіп көреміз деген жоспар болған. Адамның емес Алланың дегені болады деген осы. Латвияны жазда көріп, күзге жоспар басқа болып жатыр. 😉

dinarabolat photos downloadОн төртінші күн. Паромнан бірден Риганың ескі қаласына келдік. Қаланың ескі бөлігі өте әдемі. Қаланың туристерге әбден бейімделгені көшелерінен-ақ көрініп тұр. Көше бойы тұнған кафе, мейрамханалар. Сағат 10.00дің өзінде туристер көп. Ал қаланың сыртқы бөлігінің менің Оралымнан, сіздің Қостанай, Талдықорғаннан еш айырмашылығы жоқ. Сол баяғы Кеңес үкіметінің ізі қалған ғимараттар. Алдымызда жол. Алдымызда Пугачеваның сүйікті Юрмаласы...

Он төртінші күн. Паромнан бірден Риганың ескі қаласына келдік. Қаланың ескі бөлігі өте әдемі. Қаланың туристерге әбден бейімделгені көшелерінен-ақ көрініп тұр. Көше бойы тұнған кафе, мейрамханалар. Сағат 10.00дің өзінде туристер көп. Ал қаланың сыртқы бөлігінің менің Оралымнан, сіздің Қостанай, Талдықорғаннан еш айырмашылығы жоқ. Сол баяғы Кеңес үкіметінің ізі қалған ғимараттар. Алдымызда жол. Алдымызда Пугачеваның сүйікті Юрмаласы...

dinarabolat photos download💃💕 Көзге терапия жасау арқылы ой тазарады. Сұлулыққа көп қараңыздар! Сұлулыққа ұмтылыңыздар! Өмірде ғажайып болмайды дегендерге сенбеңіздер. Ғажайып бар! Мінекейіңіз!✨✨✨

💃💕 Көзге терапия жасау арқылы ой тазарады. Сұлулыққа көп қараңыздар! Сұлулыққа ұмтылыңыздар! Өмірде ғажайып болмайды дегендерге сенбеңіздер. Ғажайып бар! Мінекейіңіз!✨✨✨

dinarabolat photos downloadОрындалған арман. Түртілген тармақ ✔ Ризамын!

Орындалған арман. Түртілген тармақ ✔ Ризамын!

dinarabolat photos downloadОн үшінші күнКүні бойы Стокгольмді араладық. Норвегияға барар жолы Стокгольмнің ескі қаласын ғана аралаған болсақ, бұл жолы қаланың жаңа бөлігін де көрдік. Сәнқой әйелдер мен ерлер, фэшн бутиктер,  бес жұлдызды қонақ үйлер. Жылулық жоқ, бәрі ресми. Бүгін өзім үшін Стокгольмде біткен негізгі шаруам оның әйгілі метро стансалары еді. Арманым жүзеге асты. Ал кешке... Кешке бізді Стокгольмнен Ригаға баратын аппақ паром күтіп тұрды. Бұл дегеніміз таза, жылы төсек, дәмді тамақ, концерт. Он үш күннің ішінде екеуін көлікте, он бірін палаткада үсіп-тонып өткізген мен үшін паромдағы жағдай жұмақпен тең...

Он үшінші күнКүні бойы Стокгольмді араладық. Норвегияға барар жолы Стокгольмнің ескі қаласын ғана аралаған болсақ, бұл жолы қаланың жаңа бөлігін де көрдік. Сәнқой әйелдер мен ерлер, фэшн бутиктер,  бес жұлдызды қонақ үйлер. Жылулық жоқ, бәрі ресми. Бүгін өзім үшін Стокгольмде біткен негізгі шаруам оның әйгілі метро стансалары еді. Арманым жүзеге асты. Ал кешке... Кешке бізді Стокгольмнен Ригаға баратын аппақ паром күтіп тұрды. Бұл дегеніміз таза, жылы төсек, дәмді тамақ, концерт. Он үш күннің ішінде екеуін көлікте, он бірін палаткада үсіп-тонып өткізген мен үшін паромдағы жағдай жұмақпен тең...

dinarabolat photos downloadТау түгілі қала, ауылдың өзінде осындай көрініс. Тұман емес, айнала бұлт. Ал Норвегияның серпантин жолдарымен тауға қарай бет алсаңыз, ысқырықсыз тіпті жүруге болмайды. Адасып кетсеңіз, ауа қысымынан қарлығатын дауысыңызбен біреуден көмек сұрау мүмкін емес. ☝

Тау түгілі қала, ауылдың өзінде осындай көрініс. Тұман емес, айнала бұлт. Ал Норвегияның серпантин жолдарымен тауға қарай бет алсаңыз, ысқырықсыз тіпті жүруге болмайды. Адасып кетсеңіз, ауа қысымынан қарлығатын дауысыңызбен біреуден көмек сұрау мүмкін емес. ☝